Әрбір адамның өз туған жері бар. Менің туған жерім - Қазақстан. Қазақстан жері кең - байтақ. Қазақ елі өзінің туған жері Тәуелсіз, егеменді
болуды армандаған. Сол жөнінде көптеген ақындар өлеңдер жазған.
Өзіңдікі – Елің де,
Өзіңдікі – Жерің де.
Өзіңдікін өзің еткен Бақ –
Тәуелсіздік –төрінде!
(Иран - Ғайып)
1991жылы 1 желтоқсан Қазақстан жерінде тұңғыш Президент сайланды. Қазақстан еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тағайындалды. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республиканың атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға; сондай-ақ республика азаматтарының
құқығы мен бостандықтарының, Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады; ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күні. Еліміздің алға қойған мақсаты мен міндеттерін, куанышы мен жетістігін сенімділік пен үмітті басшылыққа ала отырып алға тартып келеді. Отанымыз тыныш, көрші елдермен тату-тәтті, бейбіт өмір сүріп келеміз.
Нұрсұлтан атамыз балалардың үлкен досы. Балаларға үлкен қамқорлық көрсетуде. Менің арманым Президент атамыздың атындағы мектепте оқып, елімнің үмітін ақтау. Біз болашаққа сеніммен қараймыз, ал болашақ біздің қолымызда. Мен елімнің өркендеуіне, гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Нұрсұлтан атам сияқты өз елімді, өз жерімді шексіз сүйіп, Отан алдындағы борышымды орындауды азаматтық парызым деп түсінемін. Біз, балалар, Президентпен бірге бақыттымыз!
Туған жерімізде талай – талай өркенді өзгерістер, жақсы жаңалықтар болып жатыр. Аз уақыттың ішінде Қазақстан жері танымыстай өзгерді. Ең бастысы – тату – тәтті, ынтымағы жарасқан көп ұлтты халқымыз бар.
Елбасымыз ең біріншіден Қазақстан халықтар арасында қарым - қатынас, достық дамуды көздейді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар»,- дейді қазақ халқы. Соған байланысты көптеген іс - шаралар бірнеше тілде жүргізіледі. Біздің елбасымыз экономикалық, мәдени және саяси мәселесіне көп көңіл бөледі. Қазіргі кезде көптеген жаңа мектептер, балабақшалар, ауруханалар ашты. Жасөсіпірімдерге басқа елдерде білім алуға көп көмек көрсетілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда спорт мәселесіне көп көңіл бөледі. Қазақстанның өз армиясы бар. Біздің елімізде Жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана. Күн сайын қала танымастай өзгеріп, түрлі зәулім-зәулім ғимараттар пайда болды. Қалаға шетелден қонақтар келеді. Қазақстан дамыған елдердің қатарына жатады. Гүлдей бер, Қазақстан –менің Отаным!