Текст
04.12.2025
26 қараша 2025 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жасанды интеллект: жаңа мүмкіндіктер мен тәсілдер» атты аудандық семинар жоғары деңгейде өтті.
Семинар барысында мазмұнды ашық сабақтар ұйымдастырылып, өзекті мәселелер бойынша жан-жақты баяндамалар тыңдалды. Әріптестер өз кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты.
Шара жылы, достық және ынтымақтастық атмосферада өтіп, қатысушыларға тың идеялар мен мол шабыт сыйлады.
Барлық қатысушыларға белсенділік танытып, кәсіби қызығушылығы мен ынтасын көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

