Текст
Оқушылар «Кітаптың шығу тарихы» атты кітапханалық сабақта кітаптың ежелгі тарихына үңілу мүмкіндігіне ие болды. Сабақ барысында балалар виртуалды түрде саяхатқа шығып, жазудың шығу жолын қарастыра келе, жазудың түрлі тәсілдері туралы білді, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен танысты. Сабақ электронды презентациямен безендіріліп, балалар практикалық тапсырмаларды қызыға орындады, сөзжұмбақтар шешті. Кітапханашы Н. И. Седельникова балаларға кітап элементттері туралы мәліметтер берді.