2020 жылғы қараша айының 5 және 13 аралығында Ақмола облысының 8-11 оқушылары арасында қашықтықта ғылыми жарыстың облыстық туры және 2-7 оқушылары арасында «Зерде» жобаларының конкурсы өтті.
Қазылар алқасы назарына 8 сынып оқушысы Дранникова Надежданың «Ұйқы биологиясы. Ұйқының адам ағзасына ықпалы» ғылыми-зерттеу жұмысымен қатысуы бейнежазба түрінде; сондай-ақ 6А сыныбының оқушысы Умирзакова Аделяның «Ағзаны дамытуға және сауықтыруға бояуларды пайдалану», 7А сыныбының оқушысы Громак Ксенияның «Балалар ойын алаңының, оның ішінде денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуындағы маңызы» және 7А сыныбының оқушысы Шелестов Давидтің «Сұйық тұсқағаздар – «оң» немесе «теріс» жақтары» жобаларымен қатысуының бейнежазбасы ұсынылды.
Осы конкурстардың нәтижелері бойынша Дранникова Надежда, Громак Ксения және Умирзакова Аделя ІІІ дәрежелі дипломдармен және медальдармен, Шелестов Давид – мадақтамамен марапатталды.
Жалпы түрдегі мектеп-интернат ұжымы оқушыларды және жобалардың ғылыми жетекшілерін жеңістерімен құттықтап, барлық шығармашылық бастамаларына табыс тілейді.