Текст
2020 жылдың 2 қазанында мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында театрлық ұжымдар арасында «Театрдың ғажайып әлемі» атты балалар өнерінің сырттай аудандық конкурсы өтті. Осы конкурсқа №10 мектеп-интернатының 3 және 4 сыныптарының оқушылары қатысты. Аудандық конкурс қашықтықтан өткізілді, біздің «ARTMIX» атты театрлық ұжымымыз оқушылардың қатысуымен «Көркем сөз» жанрлық бағытында, Холманских Людмиланың «Биші қайыңдар» өлеңін негізге алып әзірлеген театрландырылған көрініс түрінде бейнеролик ұсынды. Аудандық конкурстың қорытындысы бойынша №10 мектеп-интернатына І орын берілді, театрлық ұжым мадақтамамен марапатталды.