1 қыркүйек – Білім күні, таңғажайыпқа толы тамаша мереке. Ұзақ демалыстан кейін балалар өздерінің сыныптастарымен, достарымен және мұғалімдерімен кездеседі. Мереке барлық санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптардың сақталуымен өткізілді. Кіре берісте балаларды медбике қарсы алды, олардың қызуын өлшеді, қолдарын антисептикпен шайған соң оқушылар өздерінің сыныптарына өтті. 1-4 сыныптардың жетекшілері оқушыларына сынып сағатын дайындады. Ал 5-10 сынып оқушылары үшін ZOOM платформасы арқылы қашықтықтағы сынып сағаттары ұйымдастырылды. Мектеп директоры Исмагулова А.А. барлығын оқу жылының басталуымен құттықтады. Білім күнімен құттықтаймыз! Ниеттеріңіз бен күш-жігерлеріңіз оқуға және тануға жұмсалсын! Мол табыс, сәттілік, денсаулық, төзімділік пен тамаша нәтижелер тілейміз!