30-сәуірде «Досов атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ негізінде: «Ақмола облысының білім беру ұйымдарын цифрландыру туралы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинар қатысушылары: Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының мамандары, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері, білім беру бөлімдерінің мониторингі үйлестірушілері, білім бөлімдерінің цифрландыру мәселелері бойынша әдіскерлері, Бурабай ауданы информатика мұғалімдері ассоциациясының мүшелері.
Осы семинарда барлық Бурабай ауданының жұмысы көрсетілді: ашық сабақтар берілді, робототехника бойынша көрме жасалды, аудан педагогтары мен оқушыларының жетістіктерімен көрме материалдары безендірілді. Әр түрлі мектептердің балалары робототехника бойынша облыста, республикада және халықаралық деңгейде жүлделі орындарға ие болған жобаларын көрсетті.
Бұл семинарға біздің әріптесіміз информатика мұғалімі Орешина Ирина Дмитриевна да қатысты, ол «English in Informatics» тақырыбы бойынша өз жұмыс тәжірибесінен баяндама оқыды. Семинар соңында Ирина Дмитриевна Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Б. Қадыровтан Алғыс хат және қатысушы сертификатымен марапатталды.