"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 10 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Школа-интернат № 10 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кәмелетке толмағандардың еңбегі

16.11.2023

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қызметкерлердің, оның ішінде он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін айқындайды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 31-бабының 2-тармағына сәйкес еңбек шарты орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайларда, он бес жасқа толған азаматтармен; оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін он төрт жасқа толған оқушылармен;

 кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін он төрт жасқа толмаған адамдармен жасалуы мүмкін.

Кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта, ауыр жұмыстарға, денсаулығына және олардың моральдық дамуына зиян келтіруі мүмкін зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарға (ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық мекемелерінде жұмыс, алкоголь, темекі өнімдерін өндіру, тасымалдау және сауда жасау).

Он төрт жасқа толған және толмаған азаматтармен еңбек шартын жасасу жұмыс олардың оқудан бос уақытында орындалатын, олардың денсаулығы мен моральдық дамуына зиян келтiрмейтiн және оқу процесін бұзбайтын жағдайда жүзеге асырылады.

Бұл ережелер Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы Заңымен ратификацияланған «Бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Халықаралық еңбек ұйымының № 182 конвенциясының талаптарына сәйкес келеді.

Он алты жасқа толмаған тұлғалармен еңбек шартын жасасқан кезде еңбек шартына оның заңды өкілі болып табылатын ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының бірі қол қоюы міндетті шарт болып табылады.

Баланың заңды өкілдеріне ата-анасы (немесе біреуі), асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, патронат тәрбиеші және оларды алмастыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамқорлықты, білім беруді, тәрбиелеуді, құқықтарын және баланың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін  өзге де адамдар баланың заңды өкілдері болып табылады.

Кәмелетке толмаған жұмысшылармен жасалған еңбек шартында қысқартылған жұмыс уақыты қарастырылған. Он төрт жастан он алты жасқа дейінгі жұмысшылар үшін жұмыс уақыты аптасына 24 сағаттан аспайтын, ал он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі жұмысшылар үшін жұмыс уақыты аптасына 36 сағаттан аспайтын етіп белгіленеді, бұл ретте он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді жұмыс уақытының жиынтық есебін (үстеме жұмыс) пайдалана отырып жұмысқа тартуға жол берілмейді.

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңның 16-бабына сәйкес әрбір баланың еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Он төрт жастан асқан балалар ата-аналарының рұқсатымен мектептен бос уақытында денсаулығы мен дамуы бойынша шамасы келетін, баланың дене, моральдық және моральдық денсаулығына психикалық жай-күйіне зиян келтірмейтін қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқылы, сондай-ақ олардың кәсіп алуға құқығы бар.

Бұл құқықты жұмыспен қамту қызметі және жергілікті мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді. Баланың денсаулығына қауіп төндіретін немесе оның білім алуына кедергі болатын немесе денсаулығына, дене, психикалық, рухани, адамгершілік және әлеуметтік дамуына зиян келтіретін кез келген жұмысқа қабылдауға немесе оны орындауға тартуға тыйым салынады.

Просмотров: 1709


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст