3 қараша күні Көкшетау каласында М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназия базасында " Жаратылыстану - ғылыми, математикалық сауаттылық, оқушылардың практикалық дағдыларын дамытудың негізі ретінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізуге дайындық " тақырыбында облыстық семинар өтті. Осы семинарға №10 мектеп-интернатының мұғалімдері қатысты. Тақырып бойынша мастер-класс "Тәжірибеге бағытталған есептер шешу арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту"математика пәнінің мұғалімі Ашамаева Айнагүл Берікқызы сөз сөйледі. "Функционалдық сауаттылықты дамыту" тақырыбында мастер-класс "Креативті ойлау" бағыты аясында PISA-ға дайындық кезінде " информатика пәнінің мұғалімі Орешина Ирина Дмитриевна сөз сөйледі. Мұғалімдердің сөз сөйлеуі сертификаттармен және алғыс сөздермен марапатталды.