2020 жылдың 17 ақпанынан 21 ақпаны аралығында жаратылыстану-математика циклі пәндерінің апталығы өтті.
Тақырыбы: Зерттеу әдістерін қолдану арқылы белсенді танымдық әрекеттер тәсілдерін қалыптастыру.
Мақсаты: білім берудің жаңа мазмұнына көшуді жүзеге асыру жолы ретінде зерттеу әдістерінің маңызын көрсету
Міндеттері:
Барлық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Пән апталығы барысында ашық сабақтар мен 5-9 сыныптар арасында «Білімдер еліне саяхат» атты жалпымектептік сыныптан тыс іс-шара өткізілді, сондай-ақ пән мұғалімдері ғалымдар портреттері галереясын ұйымдастырды.
ЖМЦ апталығы стандартты емес түрдегі салтанатты жиынмен басталды: 11-сынып оқушылары «Жаратылыстану ғылымдарының шеруін» өткізді, тарих магистрі жарлық оқыды, 5-11 сыныптар оқушылары қызықты тапсырмаларды орындады. Апталық барысында мұғалімдер ашық сабақтар берді:
№ |
Пәні |
Сабақ тақырыбы |
сынып |
мұғалімнің аты-жөні |
1 |
информатика |
Презентация слайдының макеті |
4 -сынып |
Орешина И.Д. |
2 |
химия |
Спирттер |
11-сынып |
Коваль Т.Н. |
3 |
математика |
Ондық бөлшектің натурал санға бөлінуі |
5 «А» |
Хамзина А.Т. |
4 |
математика |
Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы |
7 |
Ашамаева А.Б. |
5 |
физика |
«Қысым» тақырыбы бойынша есептер шығару |
7 |
Поляков А.Ю. |
Жаратылыстану-математика циклі апталығынаң қорытынды сатысы жалпымектептік сыныптан тыс «Білім еліне саяхат» атты іс-шара болды. Іс-шара мақсаты; ЖМЦ пәндері бойынша материалды қорытындылау, оқушылардың логикалық және шығармашылық ойлауын дамыту, танымдық әрекеттерін белсенділендіру.
Іс-шара дайындық қажет етті: Оқушылар «Виртуалдар», «Оптимистер», «220 Вольт», және «Білгірлер» атты 4 құрама команда жинады, команданың атын, ұранын, шумақты ұрандарын дайындады. Осы іс-шара өтетін күні оқушылар бағыттама парағымен бекеттерден өтіп, ондағы әр түрлі пәннен дайындалған тапсырмаларды орындап ұпай жинау керек болды. Аяқталған сәтте, мәреге жеткенде командалар тәтті сыйлықтар алды. Берілген іс-шараның пайдасы:
Онкүндіктің барлық іс-шаралары жоғары деңгейде өтті, үлкен тәрбиелік мәні және практикалық бағдары болды, әріптестер тарапынан да, оқушылар тарпынан да жағымды пікірлер айтылды. Онкүндік жоспары оқушылардың және пән мұғалімдерінің күшімен толығымен іске асырылды.
ӘБ жетекшісі: Орешина И.Д.