Текст
18 ақпанда мектеп-интернатта аудандық көркемөнерпаздар байқауы өтті, биыл ол біздің еліміздегі бірнеше атаулы оқиғаларға арналған.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына, Қазақстан халықтары Ассамблеясының 25 жылдығы, Қазақстан Республкасы Конституциясының 25 жылдығына байланысты өтуде. Мектеп ұжымы бұл іс-шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалды, музыкалық номерлер байқау тақырыбына сәйкес таңдалды.
Әділ қазылар би ұжымдарын, мектеп қызметкерлерінің хорын, мұғалімдер мен тәрбиешілерден құрылған трионы, сонымен қатар 3 сыныптың аспаптарды ұрып ойнайтын оркестрін атап өтті. Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталды.