"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 10 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Школа-интернат № 10 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ресурстық орталығының жұмысы бойынша есеп

18.02.2020

№10 мектеп-интернатта магнитті мектептер: Савинка ЖМ,  Дмитриевка ЖМ және Қаражар ЖМ оқушыларына арналған екінші оқу сессиясы өтті. 9 ақпанда, оқушылар келгенде «Қарым-қатынас жасап үйренеміз» атты психологиялық тренинг өткізілді, балалар болатын сессиядан не күтетіндері туралы өздерінің ойларын айтты, сонымен қатар ресурстық орталықтың тірек мектебіне тілектерін жазды.

  1. Ресурстық орталықтың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

Ресурстық орталық сыныптарындағы оқу-тәрбие жұмысын жалпы пед. өтілі орта есеппен шамамен 19 жылды құрайтын 15 пән мұғалімдері жүзеге асырады.   

Мектеп-интернат әкімшілігі екінші сессияның басталуына ресурстық орталықтың оқушылары келу кезеңіне мұғалімдер мен тәрбиешілердің жұмыс істеу тәртібі туралы, сонымен қатар магниттік мектептер оқушыларының оқу және сабақтан тыс жұмыстарын жоспарлау жайында кеңесу жиналысын өткізді.

Тірек мектептің педагогикалық құрамы магнитті мектептердегі әріптестерінің желтоқсан айындағы тірек-мектептің (мектеп-интернат) әкімшілігі және педагогтарының магнитті мектептерге барғанында физика, информатика, химия және биология сабақтарында практикалық және зертханалық жұмыстарды жүзеге асыру және практикум-сабақтары арқылы кейбір тақырыптар бойынша практикалық бағдарларын күшейту туралы  айтқан өтініштерін есепке алды. Бұл өтініш магнитті мектептерде жаратылыстану-математика пәндері бойынша практикалық жұмыстар жүргізу үшін қажетті құралдар ескірген, кей мектепте жоқ екендігіне негізделеді.   Сондықтан осы пәндер бойынша оқу жұмысының мазмұны практикалық бөлімге және алған білімдерін практикада қолдануға бағытталды.

2. Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпанынан 14-не дейін  мектеп-интернат (тірек-мектеп) әкімшілігі ресурстық орталықтағы пәндердің берілуін бақылауды жүзеге асырды.  Осы уақыт ішінде директордың ОІ бойынша орынбасары, ТЖ бойынша орынбасары және педагог-психолог сабақтарға, сынып сағаттарына және сабақтан тыс іс-шараларға қатысты, сондай-ақ күнтізбелік-тақырыптық жоспар және жеке пәндер бойынша (химия, алгебра, ағылшын тілі, информатика, Қазақстан тарихы және қазақ тілі) қысқамерзімді жоспарлау  жұмыстары қарастырылды.    

Сабақтарды жоспарлау жұмысын зерделеу –  пән мұғалімдерінің ЖОБ аясында сабақтарын өткізуге мұқият дайындалатынын көрсетті. Сабақтардың тақырыптары тарауды оқыту мақсаттарына және күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес.   Әріптестер сабақтарда интербелсенді тақталардың барлық мүмкіндіктерін, информатика кабинетінің компьютерлерін және физика, химия, биологиядан зертхана құралдарын пайдаланады.  

Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты іс-шаралар аясында тарих мұғалімі «Жауынгер соғыс таңдамайды» тақырыбында сынып сағатын өткізді, онда жасөспірімдер соғыстың сәттерін көріп, сол уақытағы оқиғалардың куәсі болғандай әсер алды. Сабақта оқушылар негізінен топтық және жұптық жұмыс түрлері арқылы қарым-қатынас жасайды, пікірін айтып, өз жұмысын, сондай-ақ жолдастарының жұмыстарын бағалайды.

3. Сабақтардағы қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру.

Физика, химия, биология,  информатика кабинеттерінде  және оқу шеберханаларында оқушылар кабинеттерде құралдармен және техникамен жұмыс істеу барысында өздерін ұстау бойынша тәртіп ережелерімен танысқандығын растап қол қоятын қауіпсіздік техникасы журналы бар. 

4. Ресурстық орталық оқушыларының өздігінен сабаққа дайындалуын ұйымдастыру.

Өздігінен сабаққа дайындалу оқушының өзін тәрбиелеу және ұйымдастыруға негіз болады.  

Ресурстық орталық оқушыларының өздігінен сабаққа дайындалуы тірек мектептің оқу корпусындағы орыс тілі және математика кабинеттерінде аталған магниттік мектептердің өз ішіндегі бұйрыққа сәйкес тағайындалып бекітілген тьюторлармен өткізіледі.  Өздігінен сабаққа дайындалу ұзақтығы – 2 сағат.

Қорытындылар:

  1. Ресурстық орталықтағы мұғалімдердің оқу-тәрбие  жұмысы қанағаттанарлық деп саналсын.
  2. Әріптестеріміздің (Касенов Б.А., тарих мұғалімі, Орешина И.Д., информатика мұғалімі, Коваль Т.Н., химия және биология мұғалімі, Полозова С.А., Омарова А.Н. және Хамзина А.Т.) ресурстық орталықтың 8,9 сыныптарында өткізген сабақтарындағы жоғары кәсіпқойлығы атап өтілсін.  
  3. А.А.Сердалинаның ресурстық орталықтың 9 сыныбында ағылшын тілі сабағын  өткізуде шығармашылықпен жұмыс істегені  атап өтілсін.
  4. Тарих мұғалімі Б.А. Касеновтың ресурстық орталықтың 8,9 сыныптарында «Жауынгер соғыс таңдамайды» тақырыбындағы сынып сағатын қызықты өткізгені атап өтілсін.

Ұсыныстар:

  1. Пән мұғалімдері осы бағыттағы оқу-тәрбие жұмыстарын жалғастыра берсін.
  2. Оқушылармен сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттерде қауіпсіздік техникасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарын жалғастырсын.
  3. Пән мұғалімдері магниттік мектептерге үй тапсырмаларын электронды пошта арқылы уақытында (кезекті сессия басталуына 1 апта қалғанда)  жіберіп отырсын.

 

 

Просмотров: 1142


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст