Педагогикалық іс-тәжірбиемен бөлісу мақсатында және қоғамдық-гуманитарлық циклдің онкүндігі аясында, Бурабай ауданы білім бөлімінің қолдауымен №10 мектеп-интернаттың ағылшын тілі мұғалімдері 2020 жылдың 29 қаңтарында ағылшын тілі мұғалімдерінің аудандық семинарын өткізді. Полозова Светлана Анатольевна 6 сыныппен «Countable and Uncountable nouns» тақырыбында, Сердалина Айгерім Абайқызы – 3 сыныппен «Musical Instruments» тақырыбында сабақтар ұсынды.
Сабақтар жоғары кәсіби дегейде өтті. Оқушылар сабақтың барлық сатысында белсенді түрде практикалық және пайымдау тапсырмаларын орындады. Сабақтың бөлімдері бір-бірімен тығыз байланыста, оқушылардың белсенділігін арттыру үшін қажетті түрлі әрекеттер мен тәсілдер қолданылу арқылы жалғасын тауып отырды. Оқушылардың физикалық және психологиялық ерекшеліктері ескерілген ұтымды қарқынды сабақ болды.
Барлық оқушылар пән бойынша жақсы білімдерін, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әсіресе келесі оқушылар ерекше белсенділік танытты: Какимжанова Эмилия, Байбурова Далира, Райымбекова Айым, Зинченко София, Зайцева Арина, Балаховцева Милана, Громак Ксения, Шамбарова Василиса, Шелистов Давид, Щербакова Виктория, Орешина Карина, Абдильманова Молдир.
Сабақтардан кейін «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында ағылшын тілін үйрету ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Полозова Светлана Анатольевна мен Сердалина Айгерим Абайқызы өздерінің жаңартылған білім мазмұны жағдайында жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Дөңгелек үстел қатысушылары өз идеяларымен бөлісу мүмкіндіктеріне ие болды. Талқылау барысында: мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериймен бағалау жүйесі; ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану, ағылшын тілін үйрену және меңгерудегі психологиялық ерекшеліктер, білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін оқушылармен дифференциалды жұмыстар, мұғалімнің қажетті құжаттарды жүргізуі және т.б. мұғалім жұмысында туындайтын барынша өзекті мәселелер қарастырылды.