Текст
28 наурызда МКҚК «Ақбота» бөбекжайында аудандық лэпбук байқауы өтті. Байқауға Бурабай ауданы бойынша 8 шағын орталық қатысты. Біздің «Шұғыла» шағын орталығынан тәрбиеші Герат Людмила Павловна шеберлігін көрсетті. Ол «Жақында мектепке» атты жарқын, қызықты лэпбукты қазылар алқасы назарына ұсынды. Лэпбук мақсаты – мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері арасында мектепке деген қызығушылығын, оқу дағдыларын дамытуға, алған білімдерін бекітуге және қайталауға ықпал ету.
Байқау қорытындысы бойынша Людмила Павловна 1 орынды иеленді. Құттықтай отырып, алдағы уақытта үлкен табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!