Текст
1989 жылдың 15 ақпанында кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару аяқталды. Сол есте қалған, Ауғанстан Республикасының жерінен соңғы кеңес жауынгері кеткен күннен бері 34 жыл өтіпті. Ол кезде КСРО құрамында болған біздің еліміз көптеген адам шығынына ұшырады. Кеңес одағының түкпір-түкпірінен әскери қызметін өтеуге келген қарапайым жастар, өздерінің сол сұм соғыстың куәгері болып, басынан өткізетінін сезген де жоқ.
Соғыс жолын өтіп, туған үйіне оралмаған жерлестеріміз, оларға деген мақтаныш сезімімен бірге біздің есімізде қалсын.