"Ақмола облысы ББ Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Щучинск қ. № 10 мектеп-интернаты" КММ негізінде 25.01.2023 ж.«Инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда ЕБҚ балаларды кешенді қолдау жүйесі» тақырыбы бойынша аудандық семинар өтті.
Семинар аясында «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға психолого-педагогикалық қолдау бойынша педагогтың жұмысы» тақырыбы бойынша коуч-сессия өткізілді
Коуч- сессияның мақсаты:
- инклюзивті білім беруге дұрыс көзқарасты;
- ЕБҚ ететін балаларға психолого-педагогикалық қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінуді;
- ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде білім беру үрдісіне қатысушылардың өзара тығыз байланысы бойынша дағдыларын;
- білім беру мекемелерінде ЕБҚ ететін балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен мамандарға әдістемелік кеңес беру көмегін көрсету, кәсіби біліктіліктерін дамытуды қалыптастыру болды.
Педагог-психолог Лазаренко М.В., педагог-зерттеуші, бірінші (ілгері) деңгей курсынан өткен мұғалім Т.Н. Ковальдің жұмыстарының нәтижесінде педагогтар ерекше білім беруді қажет ететін балаларды оқыту және дамыту мәселелері бойынша өздерінің кәсіптік біліктілігін көтерді.
Жұмыс нәтижесінде әріптестер кіп-кішкентай шам немесе тіпті сіріңкенің зор жалынды тұтатып, жүздеген адамға жол көрсете алатыны сияқты сіздердің жан жылулықтарыңыздың кішкентай ұшқыны және жақсы өнегелеріңіз ерекше білім беруді қажет ететін балалардың өмірін, көзқарасын және тағдырын өзгерте алады,тіпті сіздер оны өздеріңіз толығымен байқамайсыздар да деген қорытындыға келді. ЕБҚ ететін балалар үшін жай ғана жарық, кемені қауіпсіз айлаққа апаратын шамшырақ бола білу керек.