"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 10 мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі  
Коммунальное государственное учреждение "Школа-интернат № 10 города Щучинск отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

Біз әлеуметтік желілерде

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар-практикум

25.01.2023

25 қаңтарда №10 мектеп-интернаты негізінде «Инклюзивті білімді жүзеге асыруда ЕБҚ ететін балаларды кешенді қолдау жүйесі" тақырыбында аудандық семинар өтті. Қатысушылар аудан мектептеріндегі инклюзивті білімге жетекшілік ететін  білім бөлімінің мамандары, жалпы білім беретін мектептердің оқу ісі, әдістемелік жұмыстар    бойынша орынбасарлары, педагог-психологтар, логопедтер, пән мұғалімдері, педагогтардың ассистенттері — бастауыш сынып мұғалімдері. Осы іс-шараның мақсаты инклюзивті білімді жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептердің педагогтарының тәжірибе алмасу алаңын құру. Семинар екі: практикалық және теоретиялық бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде арнайы сыныптардың мұғалімдері:  Қазақстан тарихы (6 «В»), тарих мұғалімі Касенов Б.А., математика  (3«Б»)  бастауыш сынып мұғалімі Кучма О.П., әдеби оқу (4«В»), бастауыш сынып мұғалімі Николаева И.А., ағылшын тілі (6 «В»), ағылшын тілі мұғалімі Сердалина А.А. сабақтар көрсетті.

Екінші бөлімінде педагог-практиктер өз тәжірибелерімен бөлісті және:  - «Арнайы сыныптарда орыс тілінен сабақ беретін мұғалімнің жұмыс тәжірибесінен» №10 МИ орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Исмагулова А.А.

- «Жас педагог практикасындағы инклюзивті білім образ», №10 МИ педагог-ассистент Иванова Н.В.

- «Жұмыс тәжірибесінен. Қосымша білім – табысты білім. Инклюзивті практика»,  Юрченко Наталья Анатольевна директордың ОТЖ  бойынша орынбасары және Сухопарова Ирина Викторовна, «Арман» БЖШО дене тәрбиесі мұғалімі

- «Аутизмі бар балаларға инклюзивті білімді қолдау кабинетінің жұмысын ұйымдастыру» Семкина Елена Витальевна №4 ЖМ КММ жанындағы инклюзивті білім кабинетінің логопед-мұғалімі, тақырыптарында шебер-кластар көрсетті.

 Жұмыс соңына қарай әріптестер ойларымен бөлісіп, инклюзивті білімге байланысты мәселелер жайлы айтып, оларды шешуге болатын жолдарымен бөлісті.   №10 мектеп-интернаты ұжымына ұйымдастырылған  семинар үшін алғыс айтты, себебі бұл мәселе арнайы сыныптарда сабақ беретін педагогтар үшін маңызды болып табылады.

 

Просмотров: 414


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст