Жалпы түрдегі мектеп-интернатының оқушыларымен 1-желтоқсан Тұңғыш президент күніне орай, 27-қараша күні мектеп кітапханасында «Елін сүйген Елбасы» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушылар қызыға қатысты. Балаларға еліміздің тұңғыш президентінің Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі жайында мәліметтер берілді. Іс-шарада балаларға арналған конкурстар болды. Көптеген тапсырмаларды орындап, өздерінің білімдерін ортаға салды. Өздерінің елінің патриоты екенін көрсете біліп, елінің мемлекеттік рәміздері жайлы мәліметтерді толығымен айта алды. Мектеп кітапханашысы жасаған Тұңғыш президент күніне арналған көрмемен танысты. Біздің Н.Ә.Назарбаевтың көптеген кітаптарымен танысып, қызығушылықтарын танытты. Тұңғыш президентіміздің өмірбаяны толығымен жазылған кітапты балалар қызыға қарады. Жалпы ұйымдастырылған іс-шара қызықты өтті.