29 сәуірде Бурабай ауданы , Қаторкөл ауылы «Звездный» БСО -ғында облыстық зерттеу жұмыстары байқауы өтті. Жалпы байқауға Ақмола облысынан 84 оқушы қатысты. Тақырыпқа байланысты оқушылардың зерттеу жұмыстары төрт номинация бойынша бөлінді. Осы байқауда № 10 мектеп – интернатының 6 сынып оқушысы Арапие Адам «Жерлестер генеалогия» номинациясында 1 орынға ие болды, диплом және энциклопедиямен марапатталды.
Ақмола облысының білім басқармасы №10 мектеп - интернатының әкімшілігін, облыстық зерттеу байқауында жоғары жетістіктер көрсеткен үшін 2 дәрежелі дипломмен марапаттады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы мектепке принтер сыйлады.
Облыстық зерттеу жұмыстары байқауы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастырушылрға үлкен алғыс білдіреміз