Текст
2019 жылдың 26 сәуір күні №9 көпбейінді мектеп-гимназиясында аудандық «Мен елімнің патриотымын» атты мәнерлеп оқу сайысы болды. Сайысқа барлығы 14 оқушы қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды: таныстыру және туған жерге, елге, Отанға арналған өлең шумақтарын жатқа айту. №10 жалпы түрдегі мектеп-интернаты жанындағы «Шұғыла» шағын орталығының «Күншуақ» тобының тәрбиеленушісі Орынбасар Саят қатысты. Саят өзін-өзі керемет өлең жолдарымен таныстырды. Асқар Оразақынның «Атамекенге оралғанда» Туған жер туралы өлең шумағын мәнерлеп жатқа айтты. Қорытындылай келе, Саят жүлделі І орынды дипломмен марапатталды.
Топ тәрбиешісі: Жұман Нұрсұлу Жақсыбекқызы