Текст
Кітапханашы Н.И. Седельникова 5 «а» сынып оқушыларымен «Маңызды мәселе жайында сөйлесейік: Балалар құқығы туралы конвенция» тақырыбында әңгіме-сұхбат өткізді. Аталмыш іс-шараның мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын және құқықтық санасын дамыту. Әңгіме барысында балалардың негізгі құқықтары туралы айтылды, ертегі кейіпкерлерін мысал ретінде алып, кітап кейіпкерлерінің тап болған оқиғаларындағы құқықтарының бұзылуын өмірлік жағдайлармен байланыстыра отырып талқылаулар жасалды. Балалар викториналық сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп отырды. Кітапханашы балаларға өз құқықтарымен бірге міндеттерін де білу керек екенін баса айтты. Оқушылар алған білімдерін әзірленген презентацияларды тамашалаумен бекітті.