Текст
Міне, адам өміріндегі маңызды сәттердің бірі – мектеп бітіру сәті де келіп жетті. Мектеп пен үйдің арасындағы сүрлеу жол, енді үлкен өмірге бастайтын үлкен жолға айналды. Әрқашан өздеріңнің мектептегі достарыңды, сонымен қатар сенің бойыңа ең құнды және керекті қасиеттерді құйып, өмірде тек жақсылыққа талпынуға итермелеген мұғалімдеріңді ұмытпай есте сақтауларыңды тілеймін. Болашақта дұрыс таңдау жасап, қалаған мамандық иесі болу жолында еш кедергіге жолықпай, үлкен өміріңе нық қадам басуыңды тілеймін. Талпын, ізден, тек қана алға қадам бас!