«Акмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы Көкшетау қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатымен бірлесе 2025 жылғы 6-8 ақпан күндері «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезенің өткізді.
Олимпиадаға 17 ауданнан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан, «Білім-инновация» лицей-интернатынан, Астана қаласы №2 “Дарын” облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан, Көкшетау қаласы Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан, Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан барлығы 154 оқушы қатысты.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша 43 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 13, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 24, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.
«Жарқын болашақ» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақмола облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Біздің ауданнан 7 оқушы қатысты, олардың ішінде 4 оқушы жүлделі орындарға ие болып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Хиляй Алина – «Бейнелеушілер» номинациясы бойынша (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу) қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.