Текст
Қамқорлық кеңесінің жоспарына сәйкес, 3 наурызда кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңес төрағасы, мүшелері қатысты. Қамқорлық кеңесінің отырысы онлайн түрде ZOOM платформасы арқылы өтті. Кеңес мүшелерінің алдында мектеп-интернатының директоры А.А. Исмагулова сөз сөйледі. Мектептің қашықтықтан оқыту кезіндегі жұмысы мәселелері қозғалып, қазіргі уақытта оқушылардың білім алуда өткізіп алған тақырыптарын толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтылды. Сондай-ақ, білім беру ұйымындағы сапалы білім беру қызметтерін көрсету туралы мәселе қарастырылды. Кеңес мүшелерінің мектеп жұмысы туралы қойған сұрақтарының бәріне толыққанды жауап берілді.