Әр адам өзінің және ата-бабаларының тарихын білу керек. Халықта «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген сөз бар. Адам өз ата-бабасын жақсы таныса, оның тәрбиесі де жақсы болмақ. Жеті атаны – ұрпақтар жалғастығы, адамның әулеті деп атайды. 3 сынып оқушылары дүниетану сабағында «Менің ата тегім. Шежіре ағашы» жобасымен жұмыс істеді. Олар орасан зор жұмыс атқарды. Өздерінің отбасы және ата-бабалары жайында біраз мәлімет жинады. Шежіре ағашын жасады. Шежіреге қарап, ата тегін қарастыру оңай емес екенін түсінесің. Осындай күрделі жұмыста оларға ата-аналары, ата-әжелері көмектесті. Балалар өз шежірелеріндегі ең қызықты мәліметтермен бөлісті. Ал сіздерге – өз шежірелеріңізді зерделеңіз деп айтқымыз келеді! Өз отбасыңыздың тарихын білген керемет қой!